Аймақтар • 06 Ақпан, 2024

Қонаев әкімдігі 1 млн теңгеге екі кресло сатып алған

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ақпарат Telegram желісіндегі арналардың бірінде пайда болды. Ал ведомство өкілдері бұл деректі жоққа шығармады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаев әкімдігі 1 млн теңгеге екі кресло сатып алған

Фото: na-dache.pro

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпаратқа сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі 2023 жылдың 11 желтоқсанында құпия түрде 1 млн теңгеге жуық қаржыға екі кресло сатып алған.

Осыншама қымбат креслоларды көруге барған БАҚ өкілдері еш ақпарат ала алмай қайтты. Себебі әкімдік өкілдері қымбат креслоларды көрсетуге бас тартқан.

Осы орайда Kazinform ақпарат агенттігінің тілшісі ведомствоға сауал жолдады.

Белгілі болғандай, бұл мәселе бойынша Қонаев қаласы әкімінің аппарат басшысына қатысты қызметтік тексеріс басталып кеткен. 

«Креслолар қай мекемеге берілгені анықталып жатыр. Жиһаз қала әкімінің келісімінсіз алынған», деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.