Меморандум қайырымдылықты қолдау, тәжірибе алмасу, промо іс-шараларға қатысу және қауымдастықты нығайту, сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды дамытуға ықпал ететін басқа да салалардағы серіктестікті қамтиды.
– Бұл меморандум IT қауымдастықтың әлеуметтік қиындықтарды жеңуге белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді әрі әрбір адам жақсы болашақты құруға үлес қоса алатын жанашыр қоғамдастықты қалыптастыруға шақырады. Бұл ынтымақтастық басқа ұйымдарға үлгі болып, оларды қайырымдылық бастамаларға қосылуға шақырып, әлеуметтік дамуға оң ықпал ететініне сенімдімін. «Astana Hub»-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы біз палестиналық балаларға гуманитарлық және медициналық көмек жинау жұмысын бастаймыз әрі мейірімді жандардың барлығын осы игі бастамаға қосылуға шақырамыз, – деді «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының президенті Перизат Қайрат.
Технопарктің гуманитарлық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында тәжірибесі бар. «Біз елімізде және одан тыс жерлерде қайырымдылық бастамаларына белсенді атсалысамыз. IT қауымдастық жағдайы төмен отбасылардың балаларына, табиғи апаттардан зардап шеккен отандастарға қолдау көрсетеді, Украина мектептері мен балабақшаларын қалпына келтіруге және жабдықтауға қатысады. Әлеуметтік жауапкершілікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі деп санаймыз әрі мұқтаж жандарға көмектесуге бағытталған түрлі қайырымдылық жобаларын қолдауды жалғастырамыз. Бұл жолы да шет қалмай, палестиналық балаларға көмектесу бастамасын қолдайтынымызды білдіреміз және бұған үлесімізді қосуға дайынбыз», деді «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев.
Айта кету керек, 2021 жылы құрылған «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоры қайырымдылық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік іс-шаралар мен халықаралық жобаларға қатысады және түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік бастамаларды қолдайды.