Қоғам • 07 Ақпан, 2024

Қазақстанда лоторея терминалдарының жұмысы тоқтатылды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея клубтарының және жылдам электронды лотерея терминалдарының жұмысын жетілдіру, тәртіпке келтіру мақсатында Үкіметпен бірлескен шара қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда лоторея терминалдарының жұмысы тоқтатылды

Фото: Lada.kz

Министрлік осы бағытта азаматтардың өтінішін ескере отырып, 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды жылдам лотереяны тарату уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Құзырлы орган «Lotomatic» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттардың заңсыз жұмысын бақылауда ұстайды. 

Тұрғындардан заңсыз жұмыс істеп тұрған лотореялық электронды аппараттар туралы мәлімет беру сұралады.

Ол үшін министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына байланысуға болады.

Заңсыз лоторея аппаратын ұйымдастырған тұлғалар құқықтық жауапкершілікке тартылады.