Тағайындау • 07 Ақпан, 2024

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Фото: gov.kz

Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді. 

2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.

2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.

2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.

2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.

2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

2017-2022 жылдары – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы.

2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2023 жылдың қазан айынан бастап тағайындалғанға дейін –  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.