Құқық • 07 Ақпан, 2024

Заңсыздыққа тыйым

73 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жеке және заңды тұлғалардың жолдаған хаттары мен шағымдарын жан-жақты сапалы қарау және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – прокурорлар жұмысындағы басты міндеттердің бірі.

Заңсыздыққа тыйым

2023 жылы прокуратураға азаматтар мен заңды тұлғалардан 373 мыңнан аса жолданым келіп түскен. Оның негізгі бөлігі, яғни 158 мыңы әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелерге қатысты. Хаттардың үштен бірінен астамы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің заңдылығына білдірілген шағымдар. Сондай-ақ ел азаматтары қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойын­ша сот актілерімен келіспеушіліктерін білдірген. 171 мыңнан аса арыз-шағымды прокурорлар тікелей қараса, қалған хаттар құзыреті арқылы уәкілетті органдарға жолданды.

Жеке қабылдаулар барысында прокурорлар 51 мыңнан аса азаматты қабылдады, ал әрбір үшінші арызды прокуратура басшылығы арыз­данушылардың қатысуымен қарады. Нәти­жесін­де, 48,9 мың арыз берушінің құқығы қорғалып, 5,6 мың­нан аса прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілді.

Қылмыстық үдеріске қатысушылардың құқық­тары мен мүдделерін 18,2 мың жолданым бойын­ша қорғағаны туралы ерекше атап өткен жөн. Қыл­мыстық қудалау органдарының 2,2 мың заң­сыз үдерістік шешімдерінің күші жойыл­ды. Про­курорлар істерді объективті шешуге бағыт­талған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша 3,4 мың нұсқау берді.

Мәселен, В.Цой мен Қ.Қарабаев алаяқ­тық фактісі бойынша Астана қаласы ішкі істер органдарының заңсыз қылмыстық қудалауына ұшырадық деп Бас прокуратураға шағымданған. Іс материалдарын тексерумен «Банк Центр Кредит» АҚ және «Объектілерді оңалту дирекциясы» ЖШС арыздары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру негізсіз жүргізілгені анықталды, өйткені тараптар арасында қылмыстық-үдеріс­тік тәртіппен шешілуге жатпайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туындаған. Осыған байланысты Бас прокуратура биыл қаңтар айында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

Прокуратура міндеттерінің бірі – азаматтар мен кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық сала­дағы құқықтарын қорғау. Бұл бағытта прокуратура ­10 мың жолданым бойынша құқықтар мен мүдде­лерді қалпына келтірді.

Мәселен, Астана прокуратурасына жергілік­ті кәсіпкер А.Елмұратов хабарласып, салық орга­нының оған қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін көзделген ең төменгі айналымнан асып кетуі туралы хабарламаны негізсіз жібергенін айтқан. Кәсіпкердің жолданымын қарау нәтижесінде, елордалық Алматы ауданы прокуратурасының наразылығымен 2023 жылғы желтоқсанда салық органының заңсыз хабарламасы жойылды.