Қылмыс • 08 Ақпан, 2024

Киберқылмыспен күрес

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Интернет арқылы алдап-арбау – бүгінгі қоғам­ның асқынған «дерті». Қулық пен айланың мың тәсілі түрлі жолмен жүзеге асып жатыр. Қол­да бар қар­жысын танымайтын әл­декімдердің әңгі­месіне сеніп, аударып жіберіп, ар­тынша сан соғып қалып жат­қандарды күнделікті кө­ріп те жүр­міз. Әлеу­меттік желі арқылы тауар жарнамалап, «аспаннан ақша жаудыратындар» да өріп жүр.

Киберқылмыспен күрес

Абай облыстық Поли­ция департаменті интернет алаяқтардың айла-шар­ғысының алдын алып, олармен күресуге бел­се­не кірісіп отыр. Депар­та­менттің баспасөз қыз­ме­­тінің хабарлауынша, 2023 жылы қаланың 800-ге жуық тұрғыны интер­нет алаяқтардың құр­­баны болған. Қоңырау шал­ған­ның бәрін өзіндей көретін жергілікті «ақкөңіл-аңқау­лар» алаяқтарға 127 млн теңгеден астам қара­жатты қалай аударып жібергенін аңғармай қалған.

Осыған орай 1-12 ақ­пан аралығында Семей қаласында «Стоп алаяқ» жедел алдын алу іс-шара­сы басталды. Бірер күн бұрын қала әкімдігінің ғи­маратында осы іс-шараны іске асыру мәселелері бо­йын­­ша арнайы жиын өтіп, оған шаһар әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қала прокуро­ры Азамат Уәлиев, поли­ция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіға­лиев және басқа да қоғам­дық институттардың басшылары мен өкілдері қатысты.

«Өкінішке қарай, ки­бер­қылмыс, соның ішін­де интернет қолдану­шы­лары­ның алаяқтығы жиі­леп кетті. Өңірде 2023 жылы іске қосылған «Ки­бер­пол» қанатқақты жобасы ал­ғашқы нәтижесін бере бас­тады. Бұл бағыттағы қыл­мыс­тық істерді сапалы тергеу үшін арнайы жедел тергеу топта­ры құ­рыл­ды. Олардың көме­гі­мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар бақыланып, 21 веб-сайттағы 23 жалған хабарландыру бұғатталды. Сонымен қатар бұл іс-шара­лар ІІМ-нің киберқылмыс ережелерін, оның ішінде 2025 жылға арналған теле­фон мен интернет алаяқ­­тыққа қарсы күрес бағ­дарламасының ереже­лерін іске асыру аясында өтіп жатыр», дейді Абай облыстық ПД басшысы, полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре.