![Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды](/media/2024/02/09/crop-6_10_827x1264_a14862adaedb1447bfd5cd36930f6320_original.webp)
Фото: gov.kz
Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстан В лигасының 3-тобына түсті. Ұлттар лигасы аясында ел құрамасы Австрия, Норвегия мен Словениямен кездеседі.
Ұлттар лигасы, В тобы, 3-топ
Австрия
Норвегия
Словения
Топтық кезеңнің матчтары 2024 жылы 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетті. Топта көш бастап, 13 ұпай еншіледі.
Ұлттар лигасында өз тобында үздік болған құрамалар әлем чемпионатының жолдамасына таласады. Оларға ӘЧ-2026 іріктеуінде екінші орын алған 12 команда қосылады.