Спорт • 09 Ақпан, 2024

Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құсбегіліктен ересектер арасында Өскемен қаласында 8 ақпанда басталған XVII Қазақстан чемпионаты 12 ақпанға дейін созылмақ, оған ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медаль және ақшалай сыйақы алады.

Айта кетсек, аталған құсбегілер сайысында күллі әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да өнер көрсетеді.

Естеріңізде болса, әйгілі бүркітші қандасымыздың отбасы Монғолия елінен біржола ата-жұрты Қазақстанға көшіп келген.