Фото: kaztag.kz
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілікті.
Антикор шенеуніктің аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен кәсіпкердің 21 млн теңге ақшасын алдап алған.
Қазір басқармасы басшысының орынбасары үй қамаққа алынып, тергеу жүріп жатыр.