Спорт • 11 Ақпан, 2024

Алтыннан екеуі үміткер

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан  Странджа кубогының финалына екі боксшымыз жетті, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтыннан екеуі үміткер

Фото: olympic.kz

51 келі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай  өзбек боксшысы Асылбек  Жалиловты  айқын ұтып, финалға жетті. Енді ол «кіші әлем чемпионаты» саналатын Странджа кубогының чемпиондық атағы үшін үнді боксшысы  Амит Пангалмен айқасқа түседі. Үндістан боксшысы - Азия чемпионы, жазғы Азия ойындарының  жеңімпазы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.

67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов   финалдық айқаста үнді боксшысы  Раджаттың шамасын байқайды. Жартылай финалдық жекпе-жекте алжирлік   Абденасер Бенларибиді жеңді.

Өкінішке қарай, Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалдық жекпе-жекте (80 келі)  Қытай елінің намысын қорғаған этникалық қазақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері  Тоқтарбек Таңатқанға есе жіберіп,  қола медальді місе тұтты.