Медицина • 12 Ақпан, 2024

Жаңа құрылғының жәрдемі

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті. Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков пен Абылай Алтайұлы өт-тас ауруы­мен, дәлірек айтсақ, созылмалы кальку­лезді холе­циститпен ауруханаға түскен науқасқа лапарос­копиялық холецистэктомия операциясын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.

Жаңа құрылғының жәрдемі

Хирург Асқар Тұрарбе­ков аталған аппаратқа жоға­ры бағасын беріп отыр. Себе­бі бұл құрылғы науқастың ау­ру­­ға шалдыққан дене мү­ше­сін айқын көрсетіп, опера­цияның сәтті өтуіне ықпал еткен. Дәрігерлер операция кезінде, тіпті көзде­рінің ауыр­­­мағанын алға тартты.

Медициналық мекеменің директоры Айман Ракише­ваның сөзінше, аппаратты сынақтан өткізу дұрыс таңдау жасалғанның нақ­ты дәлелі болса керек. Сон­дай-ақ ол эндоскопияны еш­­­қандай ауырсынусыз әрі қауіп­сіз түрде жасауға мүмкін­дік ашылғанын атап өтті.

Өз кезегінде хирург Абы­лай Сәкенов құрылғы­ның негізгі функциялары сен­сорлық экран арқылы жүре­тінін түсіндірді. Мони­тор науқастың дертке шалдыққан жерін дәл табуға көмектескен.

Қонаев қаласының дә­рігерлері үшін бұл жабдық лапароскопияға арналған таптырмас құрылғы саналады. Мамандар Mindray HD-3-ті жалпы хирургияда ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және басқа салаларда да қолдануға болатынын айтады.

 

Алматы облысы