Үкімет • 12 Ақпан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі бекітілді

Депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Кон­ституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер ме толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды. Құжат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәй­кестендіру мақсатымен әзірленген.

Екінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашы болған халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы ұсынылады. Онда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу ұсынылады. Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынады.

Алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да қаралады.

Мәжіліс комитеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.