Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға артады – министр

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрі  Ерлан Нысанбаев  орман шаруашылығы  қызметкерлерінің  еңбекақысы 100%-ға артатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға артады – министр

Фото: stan.kz

Мәжілісте өткен  Үкімет сағатында министр  Ерлан Нысанбаев  1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленін жеткізді. Бүгінде  мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін артқан.

«Орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді», деді Е.Нысанбаев.