Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Такси жүргізушісін пышақтап кеткен екі жасөспірім сотталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алқабилер 2023 жылы такси жүргізушісін өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған екі жасөспірімге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Такси жүргізушісін пышақтап кеткен екі жасөспірім сотталды

фото: https://ratel.kz/

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот Алматыда болған такси жүргізушісінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Кәмелетке толмаған екі жасөспірімге Қылмыстық кодекстің үш бабы (99-баптың 2-бөлігі, 7, 8-бөлімдері, 200-бабының 2-бөлігі, 1-бөлімі, 188-бабының 2-бөлігі, 1-бөлімі) бойынша айып тағылып отыр. Олар 2023 жылдың жазында Шымкенттен Алматыға дейін жету үшін такси шақырған. Межелі жерге жеткен кезде олар жүргізушіге 40 мың теңге төлеуден бас тартып, алдын ала келісім бойынша оны өлтіріп кеткен.

«Сотталушылар жүргізушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған, соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Кейін сотталушылар жәбірленушінің көлігін айдап, 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен», деді сот.

Айыптаушы тарап айыпталушыларды он жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Кәмелетке толмағандар өздерінің кінәсін мойындамады. 

«Сот үкімі бойынша сотталушылар қасақана адам өлтіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша) кінәлі деп танылып, әрқайсысы 12 жылдан бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды түрде күшіне енген жоқ», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.