Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады

Фото: inbusiness.kz

2023 жылы астық егетін өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қолайсыз ауа райынан зардап шекті. Бұл жағдай бірінші кезекте олардың қарыздарын өтеу мүмкіндігіне әсер етті.

Агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыруда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы институттары айтарлықтай үлеске ие. Агросектордың кредиттік портфеліндегі Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» үлесі 77 пайыздан асады, шаруалардың шамамен 28% пайызы аграрлық мақсатта несие алған.

Мемлекет басшысының шаруаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 50 млрд теңге несиені ұзарту өтінімдері мақұлданды. 

Айдарбек Сапаров Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржыға» егін егу жұмыстарына жеңілдікпен несие беру кезінде қолдау мен ерекше назар аударуды қажет ететін шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару керек екенін айтты. Сонымен қатар министр шаруалардың қарыздарын ұзарту бойынша да бірқатар тапсырма жүктеді.