Қоғам • 12 Ақпан, 2024

"Әйелдердің бәрі ДНҚ тапсырса...". Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек өтініш жасады

1991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желідегі парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан - Жәнібек Қазақстандағы әйелдерге өтініш жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

"Әйелдердің бәрі ДНҚ тапсырса...". Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек өтініш жасады

Бейнежазбада Жәнібек өзінің ауысып кеткенін қабылдау қиынға соғып жатқанын да жасырмаған.

"Сәлем, достар.

Мен туған жеріме Қазақстанға барғаннан кейін жергілікті медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Бірақ, мен шынымен ауысып кеткен сияқтымын. Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алуы керек еді. Мен жақында биологиялық анамды табамын деп үміттенемін. Арқалық полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйінде қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Менімен жасты ұлы бар әйелдің бәрі ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендіріңіз үшін рақмет, жаңалық болса, айтып отырамын", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол бала кезіндегі суретін көрсетіп, оның қашан, қайда түсірілгенін баяндайды.

"Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар!

Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін.
Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді.

Видеодағы суретім 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, бұл Арқалықтан алған алғашқы фото. Бұл фото мені асырап алуға қатысты ресми құжаттарда пайдаланылған.

Сіздерге де сәттілік тілеймін, кездескенше", - деп жазған Жәнібек.