12 Маусым, 2010

ЕҢ-ЕҢ МЫҚТЫЛАР ТАНЫЛАТЫН МУНДИАЛЬ

582 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Йоханнесбург қаласында футболдан ХІХ әлем чемпионаты жалауын көтерсе, Астана уа­қыты бойынша кешкі сағат 20.00-де теңбіл доп додасының алғашқы кездесуі өтті. Жарыстың шымылдығын А тобына түскен ОАР мен Мексика құрамалары ашты. Жалпы, биылғы чемпионатқа көпшілік “жұлдыздарсыз жарыс” деген баға берсе де, оның қы­зықты да тартымды өтетініне жанкүйерлердің көбі сенімді. Биылғы чемпионатты “жұл­дыз­­дарсыз жарыс” болатынын жо­ға­рыда айттық. Дегенмен, жа­рыс­қа Дэвид Бэкхем, Рио Фер­динанд, Михаэль Баллак, Ронал­до мен Рональдинью және басқа да аяқдоп шеберлері қа­тыспаса да Месси, Робиньо, Торрес, Иньеста, Деку, Хави, т.б. бір-екі футбол­шы­ның жасындай жар­қыл­дайтыны сөзсіз. Енді сөз реті әлем рекорд­та­рына келгенде, мына мәлімет­терді таныстыра кетсек, артық ет­пес деп ойлаймыз. Бүгінде Бра­зилия командалар арасында ең көп әлем чемпионы атанған құ­рама атанып отыр. Ол бас жүл­дені бес рет жеңіп алды. Бұл ел­дің құрамасына қатысты айтатын тағы бір нәрсе, Бразилия сапын­да атақты Пеле жалғыз өзі ғана үш дүркін әлем чемпионы атан­ған. Эдсон Арантес ду Насименту өзінің алғашқы добын 1958 жылы Уэльс құра­ма­сына 17 жасында со­ғыпты. Ал 5 күннен кейін хет-трик жасаған ең жас футболшы болды. Тағы 5 күн өткен соң, ол финалда гол соққан ең жас ой­ыншы атанды. Бұл кездесуде Бразилия Швециядан 5:2 есебімен басым түскені белгілі. Ал оның отандасы Кафу мерген­дік шебер­лігімен емес, команда сапында ең көп жеңіске жеткен футболшы болды. Ол өзі өткізген ойындар­дың ішіндегі 16 кездесуде жеңіске жетті. Бразилияның Марио Загало есімді маманы футболшы және бапкер ретінде үш дүркін чемпион атанды. Оның жерлесі Луи Фе­липпе Сколари жаттық­тыр­ған Бра­­зилия және Порту­га­лия ко­мандалары 11 кездесуді жеңіспен аяқтады. Германияның бұрынғы жарты­лай қорғаушысы Лотар Маттеус әлем чемпионаттарында ең көп ойын өткізген футболшы болып отыр. Ол 25 кездесу өткізген. Ал оның отандасы Хельмут Шен бап­­кер ретінде ұлттық құраманы 25 рет алаңға алып шыққан. Ита­лияның қорғаушысы Паоло Маль­­дини алаңда ең ұзақ уақыт өткізген футболшы атануда. Ол жасыл алаңда барлығы 2 217 ми­нөт болды. Ресейлік Олег Саленко бір кездесуде ең көп доп соққан футболшы ретінде тарихта қалды. Саленко 1994 жылы Камерун қақ­пасына 5 доп соқты. Дегенмен кез­­­десу 6:1 есебімен аяқталға­ны­мен, Ресей 1/8 финалға шыға алмады. Әлем чемпионатында ең нәтижелі мундиаль 1998 жылы болды. Сол кезде Францияда өт­кен жарыста 171 доп соғылды. Ал кешегі өткен алғашқы ой­ынға келсек, ол аса тартысты өтті. Кездесудің алғашқы бөлігінде мек­сикалықтардың аздаған ау­мақтық басымдығы байқалғаны­мен, кейін келе алаң иелері де ауық-ауық азу көрсетумен болды. Сөйтіп ойынның екінші кезегінің 54-інші минөтінде есеп ашып, алға шыққан еді. Бірақ оңтүс­тік­африкалықтар жеңіс добын ұстап тұра алмады. Кездесу аяқталуға шамамен 11 минөт қалғанда мек­сикалықтар есепті теңестіріп кетті. Дастан КЕНЖАЛИН.