Қоғам • 14 Ақпан, 2024

Балалардың қауіпсіздігі ерекше бақыланады – министр

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында балалардың қауіпсіздігін нығайтып, құқығын қорғау назарда екенін айтты, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың қауіпсіздігі ерекше бақыланады – министр

Фото: oqu_agartu

«Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы - министрліктің ерекше бақылауында. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарын ЖБО-ға қосылған бейнекамералармен, лицензияланған күзетпен, турникеттермен және дабыл түймелерімен жарақтандыру толығымен аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар заңнамалық түрде бекітілген. Бракераждық комиссиялар мен ведомствоаралық сараптамалық топтар қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтті. Енді тек тағамның мөлшері ғана емес, сонымен қатар «жеткізушіден сақтауға» дейінгі технологиялық процесс бақылауда болады», деген министр тамақтану сапасын арттыру үшін отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі де маңызды екенін ескертті.