Қаржы • 14 Ақпан, 2024

Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы қымбаттады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы елімізде зергерлік бұйымдардың 4,9%-ға қымбаттағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
 

Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы қымбаттады

фото: naryk.kz

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар айының соңында Қазақстанда жылдық мәнде зергерлік бұйымдар мен сағаттар 4,3%-ға қымбаттады, оның ішінде алтын неке сақиналары бір жылда 2,9%-ға, қол сағаттары 10,1%-ға қымбаттады.

«Бұл ретте Қазақстанда бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі қысқарды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға азайды», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Мәселен, 2023 жылдың 12 айында отандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары мен ұқсас бұйымдарын өндірді (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге).