Елорда • 14 Ақпан, 2024

Астана полицейлері такси жүргізушілерін тексереді

1 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында такси жүргізушілерін тексеруді бастады. Іс-шара 5-29 ақпан аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Астана полицейлері такси жүргізушілерін тексереді

Фото: polisia.kz

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында полицейлер такси жүргізушілері арасында жолаушы және багажды тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалайды. 

5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген 46 жүргізуші қолға түсті. Тағы 380 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықтылды. 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері тиісті тіркеу құжаттарын рәсімдемей, қосымша арқылы такси қызметін атқарған Өзбекстанның 35 жастағы азаматтын ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025