Қоғам • 14 Ақпан, 2024

«Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтті

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының (авторы Өмірзақ Озғанбаев) тұсаукесері өтті. Сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, қазақ тарихына қатысты зерттелуі тиіс өріске қатысты пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтті

Фото: А.Байжұманов

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қазақ халқының тарихын зерделеудің маңызы мен зерттелмеген «олқылықтардың» орнын толтыру қажеттігін атап өтті.

«Қазақ елінің тарихында әлі де зерттелмей қалған мәселелер көп. Солардың ең өзекті таласқа толы тұсы Қазақ елінің Ресей империясы құрамында болған уақыты деп айтар едім. 1905-1917 жылдар тарихта еліміз үшін де Ресей үшін де үшін де шытырманға толы қым-қиғаш кезең. Еңбектен осы кезеңдегі Ресейдегі саяси институттардың қалыптасуы, олардығы қазақ элитасының орны жөнінде құнды мағлұматтар мен тың көзқарастарды алуға болады», деді сенатор.

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Қамзабекұлы жас ұрпақ үшін Ресей империясының құрамына кіру кезіндегі Қазақстан тарихын зерделеудің маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тың ойлар мен талдау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.