Полицейлердің тәуліктік кезекшілігі бастала сала оларға Сұңқар 6 ықшам ауданының 1-пәтерінде түтін көрінгені және үйде адамдар бар болуы мүмкін екені хабарланған.
Оқиға орнына дереу келген тәртіп сақшылары өрт сөндіру қызметі келгенге дейін пәтердің есігін қақты. Темір есік ішінен жабылған еді. Полиция қызметкерлері іште кім бар-жоғын білуге тырысқан. Алайда, ешкім жауап қатпаған. Жағдайдың ауырлығын түсінген полиция қызметкерлері өз бетінше ішке кіруге шешім қабылдаған.
«Әр секунд маңызды болды. Әріптесім мені терезеге жету үшін өз мойынына отырғызды, содан кейін әйнекті сындырып, ішке кірдім. Қонақ бөлмесінде орналасқан қоқыс үйіндісі өртеніп кеткенін бірден түсіндім. Бүкіл үй іші түтінге толы болғандықтан, бағдарлау өте қиын болды. Мен бөлмелерді аралап шықтым, сол жерде пәтердің кілті қайда екенін айталмай жатқан әжені көрдім. Жан-жағыма қарасам, терезе жанында ер адамды байқадым, ол да менің кілттерді табу туралы өтінішіме жауап бермеді. Кейінірек менің серіктесім терезеден көтеріліп, кілттерді бірге іздей бастадық. Түтіннің арасында 3 минут болдық. Қуанышымызға орай, кілттер табылып, біз бәріміз үйден шықтық, ал әжені төртеуіміз бірге көтеріп алып шықтық», деді полицей Айдын Ермағанбетов.
Есік ашылғаннан кейін полицейлер өртті сөндіре бастады. Осы уақытта жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келді. Кейінірек 65 жастағы қарт әйелдің жүре алмайтындығы анықталды. Ол дереу жедел жәрдем мамандарына тапсырылды. Өзіне келгеннен кейін, ол фельдшерлердің көндіруіне қарамастан ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Тәртіп сақшылары өрт шыққан үйде газ баллон болғандықтан, өрттің қонақ бөлмесіне басталғаны аса қауіп төндірмеген. Полиция өрт сөндірушілердің келуін күтпей, адамдарды эвакуациялап, құтқара алды. Осылайша, оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.