Фото: ТЖМ
Ведомство мәліметінше оқиға 15 ақпанда сағат 08:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде болған. 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері анықталды.
«Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 40 құтқарушысы мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Сағат 08:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Ол әйелдің айтуынша үйінді астында тағы бір ер адам бар. Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасып жатыр», делінген ТЖМ хабарламасында.
Сағат 09:08-де 40 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды.