Оқиға • 15 Ақпан, 2024

Алматы тауларында тоғыз қар көшкіні жүрді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында 4100 текше метр қарды құрайтын тоғыз қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында тоғыз қар көшкіні жүрді

фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

14 ақпанда сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін қар көшкіні жүруі мүмкін аумақтарды тексеру барысында «Қазселеқорғау» мамандары Алматы қаласының Кіші өзені бассейнінде өздігінен қар көшкінін анықтады.

«Барлығы 9 қар көшкіні анықталып, жалпы көлемі 4100 текше метр қарды құрады. Көшкіндердің көпшілігі жету қиын жерлерде, жолдар мен нысандардан алыс жерлерде болды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады «Қазселеқорғау» мемлекеттік мекемесі.

Сондай-ақ ескерту тақталарының алдын ала орнатылғаны атап өтілді. Алматы қаласының Кіші өзені алабындағы «Шымбұлақ» компаниялар тобының үстінде қар көшкіні қаупі бар аймаққа халықтың кіруіне шектеу қою үшін полиция бөлімі мен «Қазселеқорғау» мемлекеттік мекемесі бірлесіп бақылау-өткізу бекеті орнатылды.