Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

Еліміздегі 59 вокзалға күрделі жөндеу жүргізіледі

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрі Марат Қарабаев ел аумағындағы 59 теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу қажет екенін мәлімдеді. Осы мақсатқа жыл соңында бюджеттен қаржы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz

Еліміздегі 59 вокзалға күрделі жөндеу жүргізіледі

Фото: tengrinews.kz

Қазір Қазақстанның 4 қаласындағы (Түркістан, Шымкент, Павлодар, Қызылорда) теміржол тұрақтары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Министр басқа аймақтағы вокзалдардың жағдайы сын көтермейтініне мән берді.

«Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жай-күйі де төмен. Әр вокзалдың өз табысы 50-60% ғана қамти алады. Осыған байланысты барлық әкімдік жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Осы жылдың соңында біз оған қаржы бөлу жағын бюджеттен қарастырамыз ба деп отырмыз», деді Марат Қарабаев. 

Ал вокзалдарды жөндеуге жауапты «Қазақстан темір жолы» компаниясының қаржысы вагон, локоматив алуға жұмсалып жатқандықтан, бұл іске ақша бюджеттен бөлінбек.

«Мұнда әкімдермен келіскеніміз – ғимаратты жөндеуді республикалық бюджеттен қарастырамыз. Теміржол вокзалының ауласын әкімдік бюджеті есебінен келісеміз. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдердің өздері дайындап жатыр. Теміржол вокзалдарын жаңарту сапаның артуына септігін тигізеді», деді министр.