Саясат • 15 Ақпан, 2024

Өнеркәсіп және құрылыс министрі – Германияда

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Германияға жұмыс сапарымен барды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі –  Германияда

Сапар барысында сала басшысы екі мемлекет арасындағы эконо­микалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізеді. Ерекше назар GP GünterPapenburg AG бақылау кеңесінің мүшесі Манфред Грундкемен және Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарушы директоры Майкл Хармспен кездесуге аудары­лады. Кездесулерде өнеркәсіп сала­сын­дағы бірлескен жобаларды жүзе­ге асыру және инвестициялық ынты­мақтастық мәселелері талқыланады.

Бұдан басқа, Министр өнеркәсіпті дамыту саласындағы пікір және тәжірибемен алмасу алаңына айналатын Германия экономикасының Шығыс комитетінің мүше компания­лары­ның өкілдерімен өтетін дөңгелек үстел­ге қатысады. Сондай-ақ  «Zierbus» және «Fronius International» жетекші компанияларымен екіжақты кездесулер жоспарланған. Оның мақсаты – жоғары технологиялар мен жабдықтар өнді­рісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау.

Сонымен қатар сапардың басты оқиғасы министрдің Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланатын үкімет­аралық жұмыс тобының отырысына қатысуы болмақ.

Бұл сапар Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Респуб­ликасы арасындағы серіктес­тіктің маңыздылығы мен тереңдігін көрсе­тіп, өнеркәсіптік саласындағы бірлес­кен инвестициялар мен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.