Аймақтар • 16 Ақпан, 2024

Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды

Фото: Владимир Третьяков

Жолда қалған автокөліктердің жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк және 1 автобус.

Қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмай тұр.

Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

«Өңір құтқарушылары Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке жүгінгендер болған жоқ. Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді», делінген министрлік хабарламасында.