Қоғам • 16 Ақпан, 2024

Қорғаныс министрі бірнеше гарнизонды аралады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов өңірде әскери инфрақұрылым нысандарын және алдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі бірнеше гарнизонды аралады

Фото: gov.kz

«Қонаев гарнизонының «Жағалау» полигонында Қорғаныс министрі Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады. Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық-2024» Ұжымдық бітімгерлік күштерімен өтетін оқу-жаттығуға дайындық туралы баяндады. 

Армия авиациясының тікұшағымен генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Шошқалы» полигонын айналып ұшып өтті. 

Министр  65229 әскери бөліміне барып, онда әскери нысандарды аралап, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің авиациялық техникасы мен қару-жарағын ұстау шарттарымен танысты. 

Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің филиалында Қорғаныс министрі объектінің көлем құрылымын ұлғайту және экспозициялық залдарды жаңарту мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Музей бастығы Алуа Байқадамовамен кездесуде генерал-полковник Руслан Жақсылықов жұмыстарды сапалы және уақтылы орындау қажеттігіне назар аударды. 

арасына

Сапар аясында ведомство басшысы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына да ат басын тіреп, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, ұлттық контингентті БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияға жіберуге қатысты бірқатар нұсқау берді», делінген ақпаратта.

Министр Алматы қаласындағы Орталық әскери емхананы аралап, мекеменің емдеу-диагностикалық жабдықтармен, тиісті құралдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілуімен танысты. Министр бекітілген контингентке сапалы амбулаторлық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қажеттігін айтты.