Қоғам • 16 Ақпан, 2024

«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады, деп жазады  Egemen.kz ведомствоның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады

Фото: https:qazaqstan.tv

16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген еді.

«Ауа температурасының –350 С дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты отандастарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз.

Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –400С-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер әлі де сақталады»,  деді вице-министр. 

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеу шаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам адам тартылған.

Сәтжан Аблалиев  мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.