Спорт • 19 Ақпан, 2024

Gracia Fair Cup: 2 көркем гимнаст қоржынға 4 алтын салды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның бас қаласы Будапештте өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Gracia Fair Cup: 2 көркем гимнаст қоржынға 4 алтын салды

Фото: qaz_olympics инстаграм

Қазақстан спортшылары qaz_olympics мәліметінше қоржынға 4 алтын медаль салды. Жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен, ұршықпен сайыстар бойынша қарсылас шақ келтірмей, 3 жаттығуда да алтыннан алқа тағып, Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Аталған турнирде бұған дейін көпсайыста А.Ертайқызы күміс (125,2 балл), Э.Жайлауова қола (122,25 ұпай) жеңіп алған.