Оқиға • 19 Ақпан, 2024

Балыққа кетіп бақилық болды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.

Балыққа кетіп бақилық болды

Фото: ult.kz

Оның ұзақ уақыт оралмағанынан секем алған туыстары полицияға хабар берген.

Мамандар бүгін оның мәйітін 13 сағаттан кейін тапты. Төтенше жағдайлар министрлігі 42 жастағы азамат боранда бағытынан адасып қалған деген байламға келді. 

«ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды», делінген ТЖМ хабарламасында.