Қоғам • 19 Ақпан, 2024

«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды

Фото: maqat-tynysy.kz

«19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмады. ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы да тартылды. ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ», делінген ақпаратта.