Технология • 20 Ақпан, 2024

Ой оқиды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект адам миының компьютерлік томографиясына қарап ой оқуды үйренді. Бұл инсульттан кейін сөйлеу дағдыларын жоғалтқан адамдарға көмектеседі.

Ой оқиды

Остиндегі Техас университетінің (UT Austin) зерттеушілері адамның ойын оқып, де­реу мәтінге айналдыратын жүйе жасап шы­­ғарды. Ғылыми деректер «Nature Neuro­science» мамандандырылған журналында жарияланды.

Жасанды интеллект жүйесі «семан­тика­лық декодер» деп аталады. Ойды оқу техно­логиясының ерекшелігі – миға импланта­ция жасаудың қажеті жоқ. Зерттеушілер функционалды магниттік-резонанстық томо­гра­фияны қолданады. Яғни ми қызметінің ин­ва­зивті емес жазбаларын жазады. Олар 16 сағат ­бойы 3 адамды сөйлетіп, жасанды интеллек­тіге тыңдатып, эксперимент жасаған. Сон­да жасанды интеллект адам миының сөз­дер тізбегіне қалай жауап беретінін дәлме-дәл болжаған. Демек ол мида жүрген ойларды сөзбе-сөз түсірмейді, тек түсіндіріп береді.

Бұл жаңалық өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адамды түсінуге мүмкіндік береді. Декодер жұмысының сәттілігінің кілті – адамның үдеріске ерікті қатысуында. Ой оқу үдерісін теріс мақсатта қолданбау үшін ғалымдар жобаға барынша мұқияттылықпен қараған.

– Миды оқыту кезінде қарсылық көрсет­кендер, мысалы, берілген тақырып туралы емес, басқа нәрсе туралы ойлауға әдейі тырысқандар декодердің ойға қол жеткізуіне тосқауыл қоя алды. Мұны ғалымдар жүйенің артықшылығы деп санайды. Ойды күшпен оқудан сақтап, жеке өмір құпиялылығын қорғайды, – дейді зерттеудің жетекші авторы Джерри Танг.

Қазір зерттеушілер декодерді зертханалық ортадан тыс тәжірибелік мақсатта қалай пайдалану керектігі туралы ойланып жүр.