Сайлау • 20 Ақпан, 2024

Сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістер

1374 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістер

ОСК басшысы Отырар ауданында жас сайлаушылармен кездесу өткізіп, облыс пен ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын, сондай-ақ 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізуге дайындық барысын тексерді. ОСК төрағасы өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылғы конституциялық реформа шеңберінде сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістерді атап өтіп, шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі мәселелерді егжей-тегжей түсіндірді.

Кездесу барысында Нұрлан Әб­діров комиссияны одан әрі да­мыту­дың стратегиялық перспектива­ларына және оның пайым, миссия, құндылықтар, қағидаттар, мақ­саттар, басымдықтар сияқты эле­мент­терін айқындауға баса назар аудара отырып, «Біздің миссия­мыз – азаматтардың еркін сайлау ар­қылы мемлекетті басқаруға қаты­суына жәрдемдесу», деп атап өтті.

Ортсайлаукомның басшысы ОСК-ның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қоры­тындыларына тоқталды, оның шең­берінде «ҚР-дағы сайлау туралы» Конс­титу­циялық заңға Түсініктеме, 2012-2023 жылдар аралығында өткізілген сай­лау және референдумдар туралы ақпа­рат­тық жинақтың 2-томы, сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына – 30 жыл. Қазақстан Респуб­ликасының сайлау жүйесін трансформациялау» мемлекеттің сайлау жүйесін дамыту туралы монография жарияланды.

Өңір бойынша іссапар аясында осы ба­сы­лымдардың дана­лары Отырар және Сауран аудан­дары­ның, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханаларына табысталды. 

Содан кейін жас азаматтар сайлау саласының өзекті мәсе­лелері бойынша дәстүрге айнал­ған онлайн-сауалнамасына қатыс­ты. Сауалнама нәтижелері көрсет­кендей, жастар­дың 91,2%-ы прези­денттікке канди­даттың міндетті түрде мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі болуы керек деп санайды, респонденттердің 64,7%-ы сот қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы болмауы керек деген пікір білдірді. Респон­денттердің көпшілігі (60,7%) сайлау учаскелерінде толтырыл­ған бюллетеньмен суретке түсіру­ге (селфи) тыйым салу керек деп санайды, интернет-дауыс беру мәселелері бойынша сауална­маға қатысқандардың 50%-ы сайлау­шылардың дауыстарын мани­пуляциялауға мүмкіндік береді, ал тағы 35,3%-ы электрондық дауыс беру жүйелеріне сенбейді, респонденттердің 79,4%-ы дәстүрлі қағаз бюллетеньді дауыс берудің ең сенімді әдісі деп санайды.

Кездесу барысында ауылдың жас тұрғыны Әбжаппар Жанболат пен жас та болса, танымал ақын, Қазақстан Жазу­шылар одағы­ның мүшесі Нұрғали Сер­ғалиев түрлі ұсыныс айтты. Кездесуге қатысқан Жасұлан Қысмұратов сайлау комиссиясының жас мүшесі екенін атап өтіп, сайлаушылар тізімін дайындау бо­йынша өз нақты ұсыныстарын енгізді.

ОСК басшысы Отырар ауданы­ның аумақтық сайлау комиссия­сының мүшелерімен, содан соң Мая­құм кентінде №7 аудандық сай­лау комиссиясының жаңа құрамы­мен кездесіп, олардың шығып қалғандардың орнына аудандық мәс­лихатқа сайлау өткізуге дайын­дығын тексерді. Н.Әбдіров жақында жұмысқа кіріскен комиссиялар мүшелерінің назарын кәсібилік пен жауапкершілікке аударды. Сол күні Түркістан қаласында Нұрлан Әбдіров облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді.

Сапардың екінші күні ОСК басшысы­ның облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, ҮЕҰ және саяси пар­тия­лардың өкілдерімен кездесті. Іс-шара Халықаралық туризм және мей­ман­достық университетінде өтті. Барлық қатысу­шылар сайлау тақырыбы бойынша бел­сенді пікірталас өрбітті. Жастар тарапы­нан қызықты пікірлер айтылып, түрлі сұрақ қойылды. «Respublica» партиясының өкілі Биназар Бейбіт 2022 жылғы конституциялық реформа шең­берінде мүмкін бол­ған жастар, әйел­дер және мүге­дектігі бар адамдар үшін 30% квота енгізудің, сондай-ақ бюллетеньде «барлығына қарсы» тармағының пайда болуы­ның маңыздылығын атап өтті. Ол сай­ланған мәслихаттар депутаттары мен әкімдер сайланғаннан кейін қысқа мерзімде өз лауазымдарынан босатқан жағдайда оларға жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде Қазығұрт аудандық мәслихаты­ның депутаты Айбек Молда­са­паров кейбір жағдайларда білім беру ұйым­дарында орналасқан учаске­лік сайлау ко­миссияларының бар­лық мүшесі педа­гогтер және олар­дың тарапынан бұзушылықтарға жол бері­леді деген қоғамдағы пікірмен келіс­пейтінін айтты. Ол мұндай комиссиялар­да 1-2 мүше ғана педагог болатынын, ал комиссияның қалған мүшелері басқа қыз­мет салаларынан екенін атап өтті жә­не барлық деңгейдегі сайлау комиссияла­ры құрамының құқықтық және кәсіби дең­гейін тұрақты негізде арттыруды ұсынды.

Кездесу барысында қатысу­шылар өзекті электораттық мәсе­ле­лері бойын­ша онлайн-сауал­на­маға қызығу­шылықпен жауап берді. Қатысушылардың басым көпшілігі (79%) Президенттікке кан­дидаттың міндетті түрде мемле­кеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі болуы керек деп санайды, респонденттердің жарты­сына жуығы (47,9%) сот қыл­мыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостан­дығы­нан айыру орындарында отыр­ған азамат­тардың дауыс беруге құқығы болмауы керек деген пікірді қолдайды.

Рес­пон­денттердің 49,3%-ы сайлау учаскелерінде толты­рыл­ған бюллетеньмен суретке түсі­ру­ге (селфи) тыйым салуды жақ­­тайды, интернет-дауыс беру мәсе­ле­лері бо­йынша сауалнама­ға қатыс­­қандардың 49,3%-ы сай­лау­шылар­дың дауысын мани­пуля­циялауға мүмкіндік береді, рес­понденттердің 46,5%-ы дәс­түрлі бюллетеньді дауыс беру­дің ең сенімді әдісі деп санайды.

Н.Әбдіров облыстың аумақ­тық және учаскелік сайлау ко­мис­сияларының мүшелеріне, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиялары­ның төрағаларына, барлығы 170 адам­ға арналған «ҚР сайлау үдерісін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» семинарына қатысты. Семинар барысында ҚР ОСК аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рыспеков және сайлау үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы Дастан Дәулетияров қатысушыларды электорат­тық оқытуды дамыту негіздері және қазіргі сайлау жүйе­сіндегі аумақ­тық сайлау комис­сиялары­ның рөлі­мен таныстырды. Семинарға қатысу­шылар үшін практика­лық кейстерге негізделген іс-шара ұйым­дастырылды. Семинардың барлық қатысушысы өз сұрақ­тарына толық жауап алды.

Сол күні Н.Әбдіров Жам­был, Түркі­­стан, Қызылорда об­лыс­­­тары­ның және Шым­кент қала­сы­ның АСК төрағаларымен кеңес өткізді. Іс-шараға қатысқан АСК төр­аға­лары алдағы 31 на­у­рызда өтетін сай­­лау, сайлау ко­миссияларының жаңа­дан сай­ланған мүшелерін оқы­ту туралы баян­дады. ОСК Төрағасы сайлау комиссиял­ары мүшелерінің назарын сайлауды заң­на­маға сәйкес өткізу қажеттігіне аударды.

Сондай-ақ сапардың екінші күні Ор­талық сайлау комиссиясының төр­ағасы Шорнақ ауылына барып, Сау­ран аудандық сайлау комис­сия­сының мүшелерімен кездесу өт­кізді. Ауылға сапар бары­сын­да Орталық сайлау комис­сия­сы­ның басшысы сайлау учас­кесін­де болып, мүгедектігі бар аза­мат­­тар­дың сайлау құқықтарын қам­та­­масыз ету қажеттілігіне және бай­қау­шылардың жұмысы үшін жағ­дай­лар жасауға ерекше назар аударды.