Фото: gov.kz
Айсұлу Сүлейменова байрақты бәсекеде мәре сызығын екінші болып кесіп, халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бұл оның алғашқы халықаралық жарысы.
«Жалпы жарыс қиын болды. Бірақ соған қарамастан бар күшімді салып, жеңіске жетуге тырыстым. Бұл менің алғашқы жарысым болғандықтан, өте қуаныштымын. Айтулы жеңіс менің ғана емес, барша команданың жеңісі деп санаймын. Әсіресе, жеке бапкерім Айгүл Аржаниковаға шексіз алғысымды білдіремін. Онымен бірге көп еңбектендік. Қолдау білдірген барлық жандарға, қалалық спорт басқармасына және елорда спорт мектебінің әкімшілігіне алғысымды айтамын», деді пара спортшы.
Бүгін елордалықтар Дубай қаласынан жүлделі екінші орын алған Айсұлуды халықаралық әуежайдан қарсы алды. Жанкүйерлері мен жақын достары астаналық пара спортшыны құшақ жая қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.