Дін • 11 Наурыз, 2024

Алыс сапарға шыққан адам ораза тұтпауына бола ма?

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айы басталды. Бұл айдың төресінде жолға шыққан жолаушылардың ораза тұтпауына бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Алыс сапарға шыққан адам ораза тұтпауына бола ма?

фото: bulak.kg

Жаратушы иеміз ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Соның бірі - егер адам алыс сапарға шығатын болса, сол кезде ораза ұстау міндет болып есептелмейді. 

«Алыс жолға (шамамен 90 шақырым) шыққан жолаушыға Рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін», деп жазылған Мүфтияттың жауабында.

Дегенмен, егер кімде кімнің ораза ұстауға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал. 

Осы тұрғыда тағы бір ескеретін жайт, таң намазы уақыты кіргеннен кейін жолға шыққан адам сол күнгі оразасын бұзбай, соңына дейін ұстауы тиіс. Себебі, Алла тағала: «Ізгі істеріңді зая кетіріп жүрмеңдер» деп бұйырған.