Заң • 21 Ақпан, 2024

Әйеліне қол көтеретін еркектерге жаза қатаңдатылды - депутат

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасына енгізілген нормалар түсіндірілді. Құжатта әйел адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан арашалау, кәмелет жасына толмаған балаларды өлтіру, зорлық көрсету ісіне байланысты жауапкершілікті күшейтетін нормалар қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Әйеліне қол көтеретін еркектерге жаза қатаңдатылды - депутат

Депутат Жұлдыз Сүлейменова жаңа нормалардың ішінде Қылмыстық кодекске «Ұру» бабы енгізілгенін хабарладады.

Бұған дейін қыз-келіншектерге қол көтеру, ұру дерегі әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде қаралып келген. 

Енді өзіне ер адам қол көтергенін айтып, нақты дәйек ұсынған әйел құзырлы органдарға арызданса, оның шағымы Қылмыстық кодекс аясында қаралады. Сондықтан әйелге қол көтергеннің де жазасы қатаң болмақ.

«Ұру» бабы бойынша осындай шағым түскен жағдай айқындалса әйеліне қол көтерген, шапалақпен тартып қалған ер азаматтар 25 тәулікке қамалады. Сондай-ақ 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. (80 АЕК - 295 360 теңге).

80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту шарасы да енгізілген.

Аталған бапты халық қалаулылары бірінші оқылымда мақұлдады.