Аймақтар • 21 Ақпан, 2024

Мектеп пен университет байланысы

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы орта мектепте «Тұлғаға тағзым –тәуелсіздік тартуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі Жауынбай Қараев, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбай, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков қатысты.

Мектеп пен университет байланысы

Аталған ауыл мектебі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университет арасында өзара меморандумға қол қою рәсі­мімен басталған мазмұнды ша­ра барысында «Педагогикалық өл­шемдер» зертханасы ашылды.

«Мектебіміздің биылғы бас­ты жаңалығы – Абай атын­дағы ҚазПҰУ-мен бірлесіп «Педа­гогикалық өлшемдер» зертханасын ашып отырмыз. Бұл жобадан үлкен үміт күтеміз. Себебі осы университеттің ғалымдары мұға­лімдерімізге педагогикалық қолдау көрсетіп, ғылыми-практи­калық жұмыстарға жетекшілік ететін болады. Сабақ өту офлайн және онлайн форматта жоспар­ланған», деді мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова.

Өз кезегінде Оқу-ағарту ми­нистрінің кеңесшісі Жауынбай Қа­раев білім беру мәселесі қай кезде де өзекті екенін, еліміздегі барлық мектептің 75 пайызға жуығы ауыл­дық жерде орналасқанын, түп­теп келгенде, орта білімнің дең­гейі ауыл мектептерінің жалпы жағдайына, білім сапасына тікелей байланысты болатынын сөз етті.

«Бүгінгі таңда елімізде «Жай­лы мектеп» бағдарламасы аясын­да 800 мектеп салынатын болса, соның 400-і биыл жүзеге аса­ды. Осы жаңа мектептерге мұға­лім­дерді сапалы дайындау мақса­тында біз, 10-11-сыныптан бас­тап, осы мамандыққа ерте жас­тан баулитын педагогикалық сы­нып­тар ашуды мақсат етіп отыр­­мыз. Бұл қадам өңірлік педа­гогтер­дің ғылыми-зерттеу әлеуе­тін дамытуға практикалық орта­лыққа айналуға, жайлы заманауи мектеп құруға және оқу­шы­лар­дың білім беру нәти­жесін жақсар­туға мүмкіндік береді», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков.

Мектепте ашылған ғылыми-практикалық зертхананың филиалы ұстаздар біліктілігін арттырып, оқушыларға жаңа бағытта білім беруге жол ашады. Бұл мұғалім сапасын жақсартумен қатар, тапшылығын жоюға да септігін тигізеді.

 

Алматы облысы