Экология • 22 Ақпан, 2024

Алматыда тағы жер сілкінді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 ақпан түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы жер сілкінді

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.

Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.