Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024

«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры сотталды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры сотталды

фото: stan.kz

«Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ол сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді», деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.