Бокс • 22 Ақпан, 2024

Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы анықталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп жазады Egemen.kz Sport.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы анықталды

Фото: ortalyq.kz

Бұл салмақ дәрежесіндегі белбеу отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының еншісінде. 

Рейтингтің бірінші сатысында тұрған ұлыбританиялық Крис Юбэнк орнын сақтап қала алмады. Оның орнын боксшы Хамза Шираз басты.

Осылайша, Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлының осы салмақтағы чемпиондық айқасқа шығатын міндетті қарсыласы атанып отыр. 

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген тағы бір жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов үшінші орынға тұрақтады.