Музей • 22 Ақпан, 2024

Ресей музейлеріндегі жәдігерлер

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейде өзіңе керек бір дүниені іздеп отырып басқа бір қызықты дерекке тап болатын жағдайлар болады. Таяуда Ресей музейлерінің сайтын ақтарып отырып, Жамбыл ақынға қатысты бірнеше қолөнер туындысын кездестірдік.

Ресей музейлеріндегі жәдігерлер

Жамбыл ақынның шойыннан құйыл­ған портрет-мүсіні Челябі облы­сының Каслин қаласындағы тарихи-көркемөнер музейінде тұр. Шойын бал­қытумен атағы шыққан қала атауының түп-төркінін мамандар башқұрт тіліндегі «қазлы», яғни қазы көп деген сөзге әкеліп тірейді. Алайда бұл шахардың атағын шығарған қаз емес, шойын.

ап

Жамбыл ақынның немересі Зейнехан

Ақын портретінің авторы Алек­сандр Гилев – шойыннан өнер жасауға өмірін арнаған адам. Жамбыл Жабаевтың мүсіні – шебердің қол­өнер училищесінде оқып жүріп жасаған ең алғашқы туындыларының бірі. Жас мүсіншінің талантына тәнті болған Каслин шойын зауытының басшылары аталған туындыны Алматыға жіберген екен, іле Алматы қаласынан дәл осындай тағы 300 мүсін құйып беруге тапсырыс түсіпті. Кейін тапсырыс көлемі мыңға дейін жеткен.

пар

Жамбылдың киіз үйі

Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада Жамбыл Жабаевқа қатысты он шақты жәдігер сақтаулы тұр. Олардың ішінде ақын портреті бедерленген тә­рел­ке, Жам­был тұрған киіз үй мен жаңа там үйі, киіз үйдің ішкі көріністері, Жамб­ыл атындағы ұжымшардың басқарма мүше­лері, ақынның Зейнехан есімді немересі бейнеленген фотосуреттері бар.

 

Қостанай облысы