фото: 24.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 23 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
«Сейсмикалық жаттығулар күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты - жер сілкінісі қаупі мен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру», деді ТЖМ өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескертуді елеусіз қалдырмай, сейсмикалық дайындыққа белсене қатысуды ұсынады.