Дін • 26 Ақпан, 2024

Ауыл жастары имамға көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама алып берді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан олысы Созақ ауылының жастары ортадан ақша жинап, ауылдық мешіттің имамы Сұлтанхан Рүстемовке жаңа көлік пен кіші қажылыққа жолдама алып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл жастары имамға көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама алып берді

Жиында ауыл әкімі, аудандық мәслихат депутаттары имамдарына қолдау көрсеткен тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында жұмыс істеп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып былтыр тағайындалды.

Айта кетсек, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап, ауыл көшелеріне жарықтандыру бағандарын орнатқан болатын. Сондай-ақ мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025