Фото: Спорт комитеті
qaz_olympics мәліметінше 78 келіде кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола медаль үшін болған белдесуде нидерландылық татами шебері Свирс Полиенді жеңді.
Ал ерлер арасында ең жеңіл 60 келі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов грузин спортшысы Тома Гелашвилиді ұтып, үшінші орын тұғырынан көрінді.
Аталған дода – 37 елден келген 458 татами шебері арасында 14 салмақ бойынша жүлдегерлерді анықтады.