Спорт • 26 Ақпан, 2024

Қазақ күресінен түйе балуандар анықталды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында төл спортымыз – қазақ күресінен 2004-2006 жылғы жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Турнирдің соңында түйе балуандар атағы сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақ күресінен түйе балуандар анықталды

Фото: instagram.com/ulttyqatsport.kz/

Түйе балуан белдесуінде бас жүлде Эльнар Жанболатұлына (БҚО) бұйырды. Екінші орынға Сардар Абдисамитұлы (Түркістан облысы) лайық деп танылды. Үшінші орынды Алихан Назымханов (Түркістан облысы) пен Бибарыс Нұғман (Жамбыл облысы) жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте І орынды – 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен Жамбыл облысы, ІІ орын – Абай облысы (2 алтын, 4 күміс, 4 қола), ІІІ орынға – Түркістан облысы (2 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлде) ие болды.