Фото: elements.envato.com
Синоптиктердің болжамына сәйкес, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалы болады, сондықтан қар түріндегі жауын-шашын түссе де, ауа температурасы төмендемейді. Аталған аймақтарда қар жауып, жел болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын салдарынан көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.
Елдің батысында жоғары қысым басым болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градусқа дейін жетеді.
Жалпы Қазақстан аумағынан аяз ығысып, сынап бағанасы - 6- 0 градусты көрсетеді.