Білім • 27 Ақпан, 2024

Бірлескен инжиниринг институтының аяқ алысы

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылған еді. Аталған оқу орны жасыл сутегін өндіретін зауытқа инженерлер даярламақ.

Бірлескен инжиниринг институтының аяқ алысы

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Қазақ-неміс инжиниринг инс­титутын ашудағы мақсат – үздік неміс тәжірибесін енгізу, экономика қажеттілігін ескере отырып, сапалы инженерия мамандарын даярлау, Германия жоғары oқy орындары мен Yessenov University кәсіби және мәдени ынтымақтастығын нығайту.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында энер­­гетика саласында бірқатар ірі жоба­лар іске асырылып келеді, соның бірі – жасыл­ сутегін өндіретін зауыт. Осыған орай, жаңа Қазақ-неміс инс­титуты 2030 жылға дейін инже­нерия саласындағы озық тәжірибе негі­зінде мың студентті оқытып, жергілікті жас­­тар мен еліміздің өзге өңірлері­нің тұр­­ғын­­дары арасында сұранысқа ­ие тех­­­никалық мамандарды даяр­лау жоспар­лан­ған.

Бака­­лавриаттың алғашқы сту­­­­­дент­­­­терін оқыту осы жыл­дың қыр­­кү­йек айында басталды. Биылғы оқу жы­лында дайындық екі бакалав­риат­ бағ­­дарламасы: Гамбург техникалық уни­верситетінің «Энергетика және эко­логия инженериясы» және Виль­дау тех­ни­калық университетінің «Логис­ти­касы» бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде онда 44 студент оқиды.

Кешенді оқу бағдарламасы Ш.Есе­нов­ атын­да­ғы университетте үш жыл және Гер­ма­ни­я­дағы серіктес универси­тет­те бір жарым жыл оқу мерзімін қам­тиды. Осыған байланысты жаңа ЖОО-да неміс тілін үйренуге көп көңіл бөлі­неді.

Білім беру бағдар­ла­ма­сы­ алдағы уақытта сегіз бакалавриат және алты магистра­тура бағдар­ла­ма­ларына дейін көбейеді.