Фото: Видеодан скриншот
− «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді, − делінген хабарламада.
Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген екен. Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікті 2 ай мерзімге қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жарияланбайды.