Фото: csp_parasport.kz
Наурыздың 2-12 күндері аралығында Түркияның Эрзурум қаласында өтетін дүбірлі додада 36 елден келетін 1000-ға жуық спортшы арасында тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал, керлингтен 34 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Оған Қазақстан тарапынан шахмат, сноуборд, шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады.
Ресми шығарып салу рәсімі барысында XX қысқы Сурдлимпиада ойындарының ашылу салтанатына еліміздің туын ұстап шығу мәртебесі шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сұлтан Қожахметовке тапсырылды. Спортшыға Қазақстан туын жазғы Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов табыстады.